From Wikipedia, the free encyclopedia
Даната құрбақасы (Bufo danatensіs), құйрықсыздар отряды құрбақалар тұқымдасына жатады.
Данатин құрбақасы | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Bufo oblongus Nikolsky, 1896 | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Bufo danatensis Pisanetz, 1978 |
Дене тұрқы 56 – 67 мм, салмағы 16 – 30 г. Түсі қоңыр жасыл. Жасыл құрбақадан ерекшелігі – дене мөлшері кіші, денесі мен аяқтарында теңбіл дақтары көп. Даната құрбақасы биологиялық таксон ретінде ғылымға 1978 жылдан белгілі. Түрікменстанның оңтүстік-батысында орналасқан Кюрендаг тауындағы Даната бұлағынан табылған, аты соған байланысты қойылған. Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының суқоймаларында таралған. Таулы, шөлді жерлерде тіршілік етуге бейімделген. Сәуірдің аяғында 2,0 – 4,5 мың уылдырық шашады, олар 3 тәуліктен соң, итшабаққа айналады. Қорегі: құмырсқа, шөп қандалалары, ызылдақ қоңыздар және жұлдызқұрттар. Қазақстандағы таралу аймағы толық анықталмаған, сан мөлшері белгісіз. Қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.[1]
Қазақстанда Зайсан ойпатында, Іленің ортаңғы және төменғі ағыстарында, Алакөл су алқабында тіршілік етеді. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде оның тауда да, тегісте де мекендейтіні анықталды. Көк және донатин құрбақаларының таралу аймақтары аралас. Қолдан өсірілмеген, оны қорғау шаралары қолданылмаған. Бұл құрбақаның таралуын және симпотриалық түр — көк қүрбақамен қарым-қатынастарын зерттеу керек.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.